Связаться
Напишите Ваши контакты и вопрос
«Бизнестегі әйелдер. Кәсіпкер әйелдердің 40 рухтандырушы оқиғалары» кітабы
2019 жылдың соңында қор Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің шынайы рухтандырушы оқиғалары туралы кітап шығарды. Кітаптың басты идеясы – бизнесте жетістікке жеткен әйелдердің жалпы заңдылықтары мен ойлау тәсілін көрсету. Кітаптың басты идеясы – бизнесте жетістікке жеткен әйелдердің жалпы заңдылықтары мен ойлау тәсілін көрсету.
Автор әйел адамға өз ісін қалай бастауына болады және онда қалай жетістікке жете алады деген сұрақтарға жауап табуға тырысты, өйткені бизнестен басқа, отбасы, балалар және басқа да міндеттемелер бар, өмірдегі тепе-теңдікті қалай табуға болады, қалай күдер үзбеуге және бәрін жарты жолдан тастап кетпеуге болады. Кітап кейіпкерлерінің өмірде болған оқиғаларына және олардың практикалық кеңестеріне сүйене отырып, кез келген әйел кәсіпкерліктегі өз жолын өте алады. Кітап өз ісімен айналысқысы келетін, бірақ әлі де күмәнданып жүрген және неден бастау керектігін білмейтіндердің барлығына арналған. Сонымен қатар, кітапта Қазақстандағы шағын және орта бизнесті жайғастыру және жылжыту туралы PR-кәсіпқойлардың сараптамалық ұсынымдары жинақталған.

Оқиғалар жинағы 2019 жылдың желтоқсанында Umay Gala кәсіпкер әйелдерін қолдауға бағытталған іс-шара аясында таныстырылды.

2020 жылы кітап Flip.kz интернет-дүкенінде сатылымның көшбасшысы болды.
БАЙЛАНЫСУ ҚҰРАЛДАРЫ
ЖІБЕРІЛІМГЕ ЖАЗЫЛУ
© 2020 All rights reserved